Жасөспірімдер арасында дзюдодан ашық турнир өтті

Ауданымыздың шығысын түгелдей алып жатқан киелі мекен, ежелден қасиет дарыған алтын аймақ - Ақкиізтоғай ауылы 10 мектептің 2002 жылы бітірген 20 жылдық мектеп түлектерінің ұйымдастыруымен ауыл азаматтарының қолдауымен жасөспірімдер арасында Дзюдо күресінен Батыс аймақтарын қамтыған ашық турнир өткізілді. ⠀

Дүбірлі додаға Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе облысы, Доссор кенті, Құлсары қаласы, Майкөмген, Шоқпартоғай, Сүлеймен спорт кешені, Ақкиізтоғай ауылдарынан 2008-2014 ж жасөспірімдер арасынан 13 команда 220 жас спортшылар бақ сынады. ⠀

Ауылымыздың қадірлі азаматы Ұлғатов Аман Бекұлы №2 БЖСМ директоры Қарасаев Амангелді Қарағұлұлы Дзюдо күресінің дамуына нағыз спортшы жастардың өркендеуіне үлес қосқан Арыстанов Асхат Гайдарұлы 20 ж түлектер атынан Оспанов Асемғали салтанатты шараны ашып, спортшыларымызға сәттілік тіледі. ⠀

Ауылымыздың атын Қазақстанның бүкіл аймағына танытып жүрген жас палуандарымыздың дамуына өз үлестерін қосып жүрген Қарасаев Амангелді Қарағұлұлы Арыстанов Асхат Гайдарұлы және әлемнің әр қиырында өтетін жарыстарға елдің елдігін танытатын жастарды тәрбиелеп, жігер қайраттылыққа баулыған бапкерге үлкен қолдау көрсеткен Сағынғалиев Асылбек Сағынғалиұлы «ЖОМАРТ ЖҮРЕК» номинациясымен марапатталды.

Сонымен қатар ауылымыздың төрінде ауқымды шараның өтуіне атсалысқан ауыл азаматтарына алғыс білдіре отырып, Өтеғұлов Айдарбай Қуантқанұлы, Сәкенов Нұржан Қажығалиұлына 20 жылдық түлектер атынан Алғыс хаттар табысталды. ⠀

Дүбірлі бәсекеде бақ сынаған Ақкиізтоғай ауылының жас палуандары Рашид Али 22кг / алтын/ Ділмағанбет Ерхан 30 кг /алтын/ Ділмағанбет Ерасыл 35 кг /алтын/ Асхатұлы Манас 38 кг / алтын/ Мақсотұлы Әли +55 кг /алтын/ Бекмағанбетұлы Ержарық 42кг /күміс/ Өтеғұл Ернұр 26 кг /қола/ Нұртаза Рауан 55 кг /қола/ жүлде иегерлері. ⠀

Ел намысын қорғайтын барша жас спортшыларымыз тәжірибесі мол бапкер Жұмасейтов Жандостың еңбегінің нәтижесін болашақта әлемдік жарыстарда биік белестерді бағындыратынына сенеміз. Екі күнге жалғасқан ашық турнир жоғарғы деңгейде өз мәресіне жетті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521