Жас боксшылар – жеңіс тұғырында

Атырау қаласындағы мамандандырылған бокс клубында 10-14 қазан аралығында Қазақстан біріншілігіне облыстық іріктеу өтті.

2003-2004 жылы туған жасөспірімдер арасында өткен спорттық додаға ауданымыздан 3 боксшы қатысып, екі алтын, бір күміс, бір қола медальды қанжығаларына байлап қайтты.

Атап айтсақ, 80 кг салмақта Михаил Черкашенинов, 66 кг салмақта Асылхан Ермұханов алтын, 80 кг салмақта Келіс Жанарыс күміс, ал 57 кг салмақта Тұңғышбай Қуанышов қоланы еншіледі. Жасөспірім спортшылардың жеңіске деген жігерін оятып, жарысқа дайындаған - аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушылары Талғат Ахметұлы, Мұрат Нұрбаулов, Сәнбике Жолдасова, Жәнібек Әжібай, Әділет Көрпебаев.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521