Жансель Дениз ширек финалға шықты

Жерлесіміз бірінші раундта 4:0 есебімен жеңіске жетті

Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына таеквондошы Жансель Дениз шықты.

67 келіден жоғары сал­мақта Жансель Дениз алғашқы айқасын өзбек спортшысы Светлана Осиповаға қарсы өткізді. Тартысқа толы өткен жекпе-жекте қазақ спортшысы жеңісті соңғы секундтарда жұлып алды. Есеп - 10:9.

Отандасымыз бірінші раундта 4:0 есебімен жеңіске жетсе, екінші раундта 1: 8 есебімен жеңілді, ал үшінші раундта Дениз 5:1 есебімен басым түсті. Енді ол ширек финалда британиялық Бианка Уолкденге қарсы шығады.

Ширек финал бүгін, Нұр-Сұлтан уақытымен 11:30-да өтеді.

prosports.kz.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521