Жаңа Қаратон кентінде “Майтөбе” футбол және волейбол алаңы ашылды

Жаңа Қаратон кентінде “Qogamdyq keńistikter” жобасы аясында жаңа “Майтөбе” футбол және волейбол алаңы ресми түрде ашылды. Жаңа спорт алаңы жарық және бейнебақылау камераларымен қамтылып, қауіпсіздік талаптарына сай толықтай қоршалған.

Жобаның демеушісі — “Теңізшевройл” компаниясы. Жобаны іске асырушы — Орталық Азияның Еуразия Қоры.

Алаңның ашылуы кент тұрғындары үшін қолжетімді спорт кеңістігін қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.

Айта кетейік, 2025 жылы “Qogamdyq keńistikter” жобасы аясында жалпы 16 қоғамдық кеңістік іске қосылады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

AQPARATPRINT