ЖҰМАБЕК ҚАРАЖАНОВ: АУДАНЫМЫЗДЫҢ НАМЫСЫН ҚОРҒАП ЖҮРГЕН СПОРТШЫ ҚЫЗДАРЫМЫЗ ҚҰРМЕТКЕ ЛАЙЫҚ

Жылыой ауданының әкімі Жұмабек Қаражанов самбодан Азия чемпионатында күміс жүлде иелеген Шынар Бітімбайды жеңісімен құттықтап, оның жаттықтырушысы Жаңылсын Көптілеуоваға алғысын білдірді.

Шынар Бітімбай спорттық және жауынгерлік самбодан ересектер, жастар және жасөспірімдер арасында өткен Азия чемпионатында 59 келі салмақ дәрежесінде бақ сынасып, жүлделі ІІ орынды иеленген болатын. Аудан басшысы спортшы мен оның жаттықтырушысына аудан спортын дамытудағы еңбектері зор екенін айтып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ, Шынар Бітімбайдың және ауданның басқа да спортшыларының жетістігі жастарға үлгі болып, оларды спортпен шұғылдануға шабыттандыратынына сенім білдірді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT