Жүгіру жарысы өтті

Жылыой ауданының 90 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатырған "KIELI MEKEN – KEŃ JYLYOI" атты шаралар жалғасын табуда.

Жылыой ауданының 90 жылдығы аясында ұйымдастырылып жатырған "KIELI MEKEN – KEŃ JYLYOI" атты шаралар жалғасын табуда.

Жылыой ауданы әкімдігі мен аудандық спорт бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп, лицей, колледж оқушылары мен аудан тұрғындары арасында 3 шақырым қашықтыққа жаппай жаяу жүгіру жарысы өтті. Оған 17 жасқа дейін және 17 жастан жоғары адамдар қатысты. Қатысушылар қаладағы № 15 мектептің алдынан бастап "Жылыой ауданы әкімдігі" ғимаратына дейін 3 шақырым қашықтықты санаулы минуттың ішінде еңсеріп келді. Жеңімпаздарды марапаттау барысында аудан әкімінің орынбасары Фарида Төлегенқызы жаппай жаяу жүгіру жарысына қатысушылардың барлығына белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді. Жеңімпаздар мен жаяу жүгіру жарысына белсенді атсалысқан қатысушылар ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

П.Жауынбай.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521