Волейболдан ашық біріншілік өтті

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне орай аудан көлемінде көптеген іс-шаралар болып өтті.

Сондай шараның бірі Шоқпартоғай ауылында спорттық сайыспен жалғасын тапты. Атап айтқанда, №3 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде округтегі мемлекеттік мекемелер арасында волейболдан ашық біріншілік ұйымдастырылды. Мектеп директорының оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлбарам Бисенбіқызының хабарлауынша, алаңға «Әкім аппараты», «Балабақша», «Шоқпартоғай» және «Спорт мектебі» командалары шығып, өзара күш сынасты.

Біріншіліктің ашылуында сөз сөйлеген спорт мектебі директоры Зияда Талапқызы ауыл жұртшылығын айтулы мерекемен шын жүректен құттықтап, қатысушы командаларға сәт сапар тіледі. Жарыс әп-сәтте қызықты басталып, тартысты өтті. Сайыс болған соң жеңіс те, жеңіліс те бар. Төрешілердің ұйғаруымен, үшінші орынды «Балабақша» командасының тәрбиешілері иемденді. Жүлделі екінші орынды алаң иелері, яғни «Спорт мектебінің» жаттықтырушылары қанжығасына байлады. Барлық қарсыластарынан басым түскен «Әкім аппараты» командасы біріншіліктің бірінші орынын иеленіп, жеңістің биік тұғырына көтерілді. Ұйымдастыру алқасы жеңімпаз командаларды өз дәрежесінде дипломмен, арнайы алқамен және кубоктармен марапаттады.

Е.Бисекенұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521