Волейбол жарысы

Жылыой ауданы денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен спорт ардагері Сүлеймен Құлжановты еске алуға арналған волейболдан облыстық ашық турнир өткізілді. Оған Батыс Қазақстан, Маңғыстау облыстары мен облысымыздағы аудандардан барлығы 10 команда қатысты.

- Айта кететін жай, биыл 11-рет өткізіліп отырған турнирге еліміздің батыс аумағындағы командалар қатысып отыр. Бұл - турнирдің жылдан-жылға дәрежесі өсіп келеді деген сөз,-дейді ұйымдастырушылар. Турнир Жаңа Қаратон кентіндегі жаңа спорт кешенінде өтті. Турнирдің ашылу салтанатына аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Баймұратов, Сүлеймен  ағамыздың жанұясы және үзеңгілес достары қатысты. Екі күнге созылған додада үздіктер қатарынан Батыс Қазақстан облысынан "Байбарақ", Атырау қаласынан "Бейбарыс", Қызылқоға ауданы және Атырау қаласынан "Геолог" командалары жартылай ақтық сынға өтті. Алғашқы жартылай ақтық сайыста "Байбарақ" пен "Геолог" командалары кездесіп,  "Байбарақ" командасы жеңіске жетіп, ақтық сайысқа жолдама алды. Екінші жартылай ақтық сайыста "Бейбарыс" пен "Қызылқоға" командалары кездесіп, жеңіс "Бейбарыс" командасына бұйырды. ІІІ орын үшін "Геолог" пен "Қызылқоға" командалары кездесіп, көршілес аудан командасы жеңіске жетті. Ақтық сайыста Батыс Қазақстан облысынан "Байбарақ" пен Атырау қаласынан  "Бейбарыс" командалары кездесіп, жеңіс Батыс Қазақстан облысынан келген командаға бұйырды. Турнирдің жабылу салтанатында жеңімпаз және жүлдегер командалар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаған жүлделері және  спортшының туыстары тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы А.Бекеновтың айтуынша, келер жылға батыс аймақтық турнирін өткізу  жұмыстары жүргізілмек.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521