Волейбол сайысын мешіт ұйымдастырды

28-29 шілде күндері аудандық орталық мешіттің ұйымдастыруымен тұрғындар арасында волейболдан жарыс өтті.

Тартысты өткен бәсекеде барлығы он екі команда бақ сынасты. Атап айтсақ, "Жылыой мешіті", "Иман жастары", "Каспий.кз", "Шоқпартоғай", "Қосшағыл", "Ембі", "Барлаушы", "Ақкиізтоғай", "Береке", "Муслим", "Жаңа Қаратон" және "Құлсары" командалары. Волейбол турнирінде барлық сайыскерлерден басым түсіп, бірінші орынды иеленген жеңімпаз топ – «Жылыой мешіті» болды. Екінші және үшінші орындарды "Береке" мен "Барлаушы" командалары өзара бөлісті. Барлық қатысушы командаларға бағалы сыйлықтар мен кубок, диплом табысталды. Жарыстың мақсаты жастардың арасындағы бауырмашылдықты арттыру болды. Турнирді ұйымдастырушы "Жылыой орталық мұсылмандар мешітінің" қызметкері Думан Балықшиев сайыс талап үдесінен шыққанын айтты.

С.ӘЛИ

Сурет: ашық дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521