US Open: Анна Данилина миксте ширек финалға шықты

Қазақстандық теннисші Анна Данилина АҚШ ашық чемпионатында аралас жұпта ширек финалға шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық теннисші финляндиялық Харри Хелиоваарамен бірге екінші айналымда америкалықтар Алисия Паркс – Денис Кудламен күш сынасты.

Қазақстандық-финляндиялық жұп бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта 6:3, 6:3 есебімен басым түсті. Олар 2 эйспен бірге 5 брейк-пойнттың төртеуінде мүлт кеткен жоқ. Қарсылас дуэт 1 эйс, 1 брейктен (3 брейк-пойнт) аса алмады. А.Данилина – Х.Хелиоваара жартылай финалға шығу үшін қытайлық Сюй Ифань – бельгиялық Йоран Флигенмен таласады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның US Open үшінші айналымында жеңіліп қалғанын жазған болатынбыз. Жібек Құламбаева Прага турнирінің жеңімпазы атанды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

Әлеуметтік желілеріміз