Токио-2020: Атыраулық спортшы күміс жүлдеге ие болды

Токиодағы паралимпиада ойындарында бақ сынаған парадзюдошы Дәулет Теміржан күміс медальға қол жеткізді.

73 келіге дейін салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Дәулет Теміржан Токио олимпиадысының күміс жүлдесін місе тұтты. Финалдық кездесуде ол Өзбекстан спортшысы Феруз Саидовтан таза жеңіліп қалды.Бұл салмақта қола украиналық дзюдошы Руфат Могомедов пен литвалық спортшы Освальдас Барейкиске бұйырды.

Дәулет жартылай финалда грузиялық Гиорги Калданиді 11:1 есебімен жеңіп ақтық сайысқа жолдама алған болатын.

Бұл Қазақстанның Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарындағы үшінші медалі. Бұған дейін пауэрлифтингтен 54 келіге дейін салмақта Давид Дегтияров алтын алса, парадзюдошы Әнуар Сариев Қазақстан қоржынына күміс медаль салған болатын.

Елімізден Токиодағы Паралимпиада ойындарына 25 спортшы аттанғанын айта кетейік.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521