Теңбіл доп жарысы ауданымыздың 90 жылдық мерейтойына арналды

Сейсенбі күні орталық стадионда аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен «Киелі мекен – Кең Жылыой» тақырыбында Жылыой ауданының құрылғанына 90 жыл толу мерейтойына орай кіші аяқдоптан аудандық ашық турнир басталды.

Оны аудан әкімінің орынбасары Фарида Ахметова салтанатты түрде ашып, баршаны мерейлі мерекемен құттықтады.

-Бұқаралық спорт ұрпақ саулығының кепілі, ұлт денсаулығын сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Жалпы спорт қоғамды бірлікке жетелеп, жастардың жігерлі болып өсуіне тәрбиелейді. Осы орайда аудан әкімі Азамат Бекеттің қолдауымен ауданымыздың 90 жылдық мерекесіне орай кіші аяқдоптан турнир ұйымдастырылып отыр, - деген Фарида Төлегенқызы шаршы алаңға бақтарын сынауға келген командаларға сәттілік тіледі.

Жарыстың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының гимні шырқалды. Турнирге ауданымыздағы мекмелерден 11 команда қатысты. 2 күнге созылған жарыста командалар қызықты ойын өрнегін көрестіп, жанкүйерлерінің көңілінен шықты. Турнир нәтижесі туралы алдағы сандардан оқитын боласыздар.

Қ.Дүйсенбетов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521