Теңбіл доп шеберлері

Шілденің 29-31-і күндері Мақат кентінде жасөспірімдер арасында кіші аяқдоп сайысынан аудандық ашық турнир болып өтті.

«Спорт нашақорлыққа қарсы» ұранымен ұйымдастырылған теңбіл доп додасына ауданымыздағы №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің 2007-2008 жылғы тәрбиеленушілері қатысып, қарсыластарына беріспес бәсекелес болды. Нәтижесінде жылыойлық футболшылар жүлделі 2-орынды қанжығасына байлап қайтты. Командалық ойында алаңда жұмылған жұдырықтай бірлікте шебер ойын үлгісін көрсеткен футболшылар – Ибрагим Өтеген, Қуан Тасқынбай, Әлішер Елубай, Әскербек Мергенов, Даниял Ұзақов, Бекарыс Жоламан, Айдын Тмеев, Лұқпан Мұстафа, Алмаз Мұхамбетовтер. Ал осы теңбіл доп ойынының шеберлерін жарысқа дайындаған, аталған спорт мектебінде тәжірибе жинақтаушы, жас маман Арайлым Жұмаева болатын. Жеңімпаз споршылардың жеңісімен бөлісе отырып, спортшыларымыздың алаңсыз жаттығуына, түрлі жарыстарға қатысуына ықпал етіп, жағдай жасап отырған №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Жұмабай Құдайбергеновке алғысымызды білдіре кеткіміз келеді.

Гүлфара ИСАХАЕВА, №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521