Таэквондошылар Австриядан жүлдемен оралды

Жуырда Австрия мемлекетінің Инсбрук қаласында таэквондодан «Austrian open g-2» Халықаралық турнирі өтті. Аталған Халықаралық турнирге елімізден кадеттер, жасөспірімдер және ересектер ұлттық құрама командалары қатысты.

Сонымен қатар, Германия, Франция, Италия, Қытай, Жапония, Египет, Израиль, Канада және т.б ірі мемлекеттерден 1000-нан астам спортшылар алаңда бақтарын сынаған болатын. Турнирдің 1-ші күні кадеттер мен жасөспірім спортшылар жекелей салмақ дәрежесінде бақ сынады.
Кіл мықтылар арасынан ауданымыздың спортшылары қарсыластарынан басым түсіп, жүлделі орындарға ие болды. Таэквондодан №1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары Мақсат Төлегенов жүлделі II орынды, Абылайхан Өтебалиев III орынды жеңіп алды. Айта кету керек, жеңімпаз спортшыларды шетелде өтетін жарысқа баптаған Азамат Нұржанов, Дастан Қожыров, Нұрадин Жолдасов, Нұрболат Байдуллаев, Мөлдір Нұрбергенова сынды жаттықтырушылар еңбегі де елеулі.
Таэквондошы спортшыларға алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан түспеңіздер демекпіз.

А.МОЛДАШЕВ

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT