Таэквондошылар Австриядан жүлдегер атанды

Мамыр айының 27-29 аралығында, Австрия мемлекеті, Инсбрук қаласында "AUSTRIAN OPEN G-2" Халықаралық турнир өтуде.

Халықаралық турнирге Қазақстан Республикасынан кадеттер, жасөспірімдер және ересектер ұлттық құрама командалары қатынасуда.
Сондай-ақ, Германия, Франция, Италия, Қытай, Жапония, Египет, Израил,
Канада т.б мемлекеттерден 1000 астам спортшылар қатысып бақтарын сынауда.
Жарыстың 1-ші күні кадеттер және жасөспірім споршылар жекелей салмақ дәрежесімен сайысқа шықты.
№1 Жылыой аудандық балалар - жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары жүлделі орындарға ие болды.
- Төлегенов Мақсат 2 орын;
- Утебалиев Абылайхан 3 орынға ие болды.
Жаттықтырушылары Нұржанов Азамат, Қожыров Дастан, Жолдасов Нурадин, Байдуллаев Нурболат, Нұрбергенова Мөлдір.
Құттықтаймыз.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT