Таэквондошы Жансель Дениз әлемдік рейтингте бірінші орынды иеленді

Таэквондодан жаңартылған әлемдік рейтингте қазақстандық спортшы Жансель Дениз бірінші орынға ие болды. Бұл – қазақстандық таэквондо тарихындағы алғашқы жетістік.

Әйелдер арасында 73 келіге дейінгі салмақта Жансель Дениз 139,81 ұпаймен көш бастап тұр. Екінші орынды 107,94 ұпаймен ресейлік Полина Хан иеленді. Үшінші орын 105,60 ұпай алған оңтүстіккореялық Да Бин Лиге бұйырды.

Бұл жеңіске дейін Жансель Денис төртінші орында болатын.

Еске салсақ, ол 2018 жылы Индонезияда өткен Азия ойындарында күміс медаль алып, спорттық мансабында елеулі жетістікке жетті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521