Таэквондодан тартысты турнир

Таэквондодан тартысты турнир
Фото: П.Қизатова

Қазақстандағы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, аты аңызға айналған Мұстафа Өзтүріктің 70 жылдығына орай таэквондодан аудандық ашық турнир өтті. Аудан әкімдігінің қолдауымен өткен турнирді мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырды.

Қазақ десе ішкен асын жерге қоятын, ұлтжанды, дарынды біртуар азамат Мұстафа Өзтүрік таэквондо спортының әлемдік деңгейге көтерілуіне барын салған жан. Оның ізін жалғастырушы жас өрендер жетерлік ауданда. Спорттық сайысқа 50-ге жуық бала қатысып, бақ сынады.

Турнирдің ашылу салтанатында аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Әлібек Науаров сөз сөйлеп, салауатты өмір салтын ұстанудың және спортпен шұғылданудың маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, №1 Жылыой аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің таэквондо бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушысы Азамат Нұржанов сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі.

Спортшылардың жас және салмақ ерекшеліктеріне сәйкес өткен турнир тартысты болды. Мұнда ер балалармен бірге қыздар да өзара сайысқа түсті. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубоктар табысталды.

Жарыс нәтижесінде 32 кг салмақта алаңға шыққан Жақсыбай Дінмұхаммед 1 орынды қанжығасына байлады. Жүлделі 2 орынды Нариманұлы Берік иеленсе, үшінші орынды Қанатұлы Мұрагер мен Нұржанов Раян бөлісті. 28 кг салмақта Болат Балжігіт 1 орынды, Мамбетназаров Әскербек 2 орынды, Айтжан Нұрислам мен Нұрмағамбет Темірлан 3-орынды иеленді. Ал 26 кг салмақта Дүзелбаев Батырхан 1 орын, Бегендік Қасиет 2 орын, Жолдыбай Мирас пен Асқар Арсен 3 орынды жеңіп алды. 22 кг салмақта сынға түскен Тыныштық Рамазан 1 орынды, Қуанышбекұлы Заңғар 2 орынды, Жақсыбай Дамир мен Нұрлыбекұлы Ибраһим 3 орынды қанжығасына байлады. 20 кг салмақпен бәсекеге түскен спортшылар арасынан Баймұрат Әлихан 1 орынды иеленсе, Марат Осман 2 орынды жеңіп алды. Ал Төлеу Әли мен Рашид Милат 3 орынды иеленді. 2016-2017 жылғы балалар арасындағы 24 кг салмақта өнер көрсеткен Алшын Махди 1 орынды, Асқанбай Шерхан 2 орынды, Алтынбекұлы Нұрислам мен Нәдірқожа Әлішер 3 орынды иеленді. 22 кг салмақта шыққан Бек Мейір 1 орынды, Болаттай Айсұлтан 2 орынды, Абзалұлы Бекнар мен Алибекұлы Әбубәкір 3 орынды жеңіп алды. 2013-2014 жылғы балалар арасындағы 30 кг салмақ бойынша сынға түскен Ермек Қалау 1 орынды, Болат Бақкелді 2 орынды, Абат Серікболсын мен Жаңбырбай Рамазан 3 орынды жеңіп алды.

Қазақтың қыздарының қайсар болатынын дәлелдеген Абзалқызы Айзере 30 кг салмақта бағын сынап, 1 орынды жеңіп алса, 2 орынды Назарбекова Назира иеленді. Ал Аманжан Раяна мен Мұхаммед Сафия 3 орынды қанжығасына байлады. 32 кг салмақта бәсекеге түскен қыздар арасында Ержанқызы Назым 1 орынды, Мақсұтова Жасмина 2 орынды, Нұржанова Бақытнұр мен Нұрымқызы Қарақат 3 орынды қанжығасына байлады.

П.ТҮРКЕНБАЙҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT