Құтқарушылар мен өрт сөндірушілер жарысқа түсті

Жылыой ауданында өрт сөндірушілер мен құтқарушылар арасында кіші аяқ добынан жарыс өткізілді

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар жөніндегі мемлекеттік комитеті құрылған болатын. Осының негізінде 19 қазан Құтқарушылар күні болып белгіленді.

Атаулы мереке қарсаңында Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жылыой ауданы Құлсары қаласындағы құрылымдық бөлімшелері және ардагерлердің қатыстырылуымен кіші аяқ добынан жарыс өткізілген болатын. Жарысқа Жылыой ауданы бойынша 4 команда қатысты.

Тартысты жарыстың нәтижесі бойынша 1-орынды Жылыой аудандық жедел құтқару жасағы, 2-орынды Құлсары қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, 3-орынды азаматтық қорғау органдарынан зейнеткерлікке шыққан ардагерлер командасы иеленді. Жарыс соңында жеңімпаздар дипломдармен марапатталды.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар бөлімі

Жылыой ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521