Стритбол жеңімпазы республикалық ойындарға жолдама алды

Өткен айдың 27-29 аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін VІ Халық спорты ойындарына облыстық іріктеу жарысы өтті.

Өткен айдың 27-29 аралығында Атырау қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін VІ Халық спорты ойындарына облыстық іріктеу жарысы өтті. Оған ауданымыздан жігіттер мен қыздар құрама командалары қатысты.

Жарыс шарты бойынша спорттың 12 түрінен сайысқа түсетін спортшылар сайдың тасындай іріктелді. Аудан абыройын асыратын жарысқа мекемелер де түсіністікпен қарап, жұмысшыларын дайындықтарға жіберіп, IV Халық спорты ойындарына қатысуға мүмкіндік жасады. Бірнеше күнге созылған тартысты ойындарда бәйгеге үкілеп қосқан саңлақ споршыларымыз намысты қолдан бермей, көш бастап, жүлделі орындарды иеленіп қайтты. Алдымен, ауыз толтырып, мақтанышпен айтатын жетістігіміз, бұл - №4 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі меңгерушісі Гүлфара Исахаеваның жеңісі. Спортшымыз стритболдан жүлделі І орынды жеңіп алып, 20 қыркүйекте Ақтау қаласында өтетін республикалық ойындарға жолдама алды. Сондай-ақ, стритболда Жанаргүл Ербөлекова, Нұршат Кеңесова, Мөлдір Жұбанғалиевалар шеберліктерін танытты.

Байрақты додада жігіттер де алдыңғы лектен көрінді. Аудан құрама командасының жігіттері футболдан 2-орын, волейболдан 2-орын, жағажай волейболынан 3-орынды иеленді. Жігіттерді №4 БЖСМ директоры Жұмабай Құдайбергенов пен аудандық білім бөлімі әдіскері Асқар Тоғаевтар дайындады. Ал Мақсат Әділов баптаған спортшылар - 100 кг салмақтағы Аманбай Әбілдиев кір тасын көтеруден 3-орынға, ал дәл сондай салмақтағы Ануар Дүйсенәлиев те қол күшін сынасуда 3-орынға ие болды. Жылыойлық қыздар құрама командасы волейбол мен жағажай волейболынан да жүлделі 2 орынды иеленді.

 С.МҰРАТҚЫЗЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521