Төл мереке шетелдік компанияда аталып өтті

Ұлыстың Ұлы күні 22 наурыз мерекесі «Консолидейтед Контрактинг Инжиниринг & Прокьюрмент С.А.Л. - Офшор» (одан әрі ССЕР компаниясы) компаниясында да атылып өтті.

Қазағымыздың осынау мерекесін атап өтуіміз зор қуаныш болды. Олай дейтініміз екі жылдан бері шектеулерге байланысты мұндай кең көлемді іс-шаралар өткізілмей келді. Биыл, компаниямыздың қолдауымен және кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен екі күнге созылған   спорттық шара өткізілді.

Спорттық сайыс кіші аяқ доп, үстел теннисі, кір тасын көтеру, арқан тартыс және қол күресі түрлерінен өтті. Жарыс қорытындысы бойынша үстел теннисінен І орынды үндістандық Азгар Кази, ІІ орынды Рахметов Серік, ІІІ орынды Муса Айдар жеңіп алды.

Жүлдешілердің барлығы ССЕР компаниясы қызметкерлері. Ал, кіші аяқ доптан І орынды мердігер компания «Карьертаудан» қатысқан «Сұңқар» командасы жеңіп алса, ІІ және ІІІ орынды ССЕР компаниясының «Әкімшілік» ІІ орынды және «Логистика» жүргізушілер командасы ІІІ орынды иеленді. Кір тасын көтеруден І және ІІ орынды ретімен ССЕР компаниясының қызметкерлері Қанатов Асылан мен Искаков Ұлан бөліссе, ІІІ орынды «Карьертау» компаниясының қызметкері Мереке Анарбек жеңіп алды. Сонымен қатар, арқан тартыстан да ретімен ССЕР компаниясының «Logistik Team» және «Жайық Цех» командалары І және ІІ орынды жеңіп алса, «Интертаско» компаниясының «Intertasko Team» командасы жүлделі ІІІ орынды меже тұтты.

Жарыстың бесінші түрі қол күресінен І орынды «Интертаско» компаниясының қызметкері Төлеген Сержан, ІІ орынды ССЕР компаниясының қызметкері Сарсенғалиев Қуанышбек иеленсе, ІІІ орынды компаниямыздың қызметкері Азат Жұмағұлов жеңіп алды.

Дәл мереке күні спорттық шарамыз қорытындыланып, жеңімпаздарға арнайы медальдар табысталып, қаржылай сый-сияпат көрсетілді. Жеңімпаздарды компания басшылығы, кәсіподақ ұйымының төрағасы және әріптестері құттықтап, мерекелік лебіздерін білдірді.

Мерекелік шара қатысушылардың көңілдерінен шығып, алғыстарын білдірді.

А.Сисенов, Компанияның Кәсіподақ ұйымының маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521