Спортшыны еске алды

Жақында аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен республикалық жарыстардың жеңімпазы Бауыржан Кішкентаевты еске алу мақсатында волейболдан аудандық турнир өткізілді.

Жаңа Қаратон кентіндегі №4 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде өткен 2 күндік додаға ауданымыздан 8 команда қатысып, бақтарын сынады.Турнирдің ашылу салтанатына аталған бөлімнің бас маманы Абзал Бекенов, Бауыржанның ағайын-тумалары қатысып, спортшыларға сәттілік тіледі. Жарыс тартысты өтіп, нәтижесінде 1-орынды «Құлсары» командасы иеленді. 2-орынды «Жастар» командасы еншілесе, 3-орын «Ардагер» командасына бұйырды. Сонымен қатар Т.Керуенбаев «Үздік ойыншы», Ә.Тоғаев «Үздік қорғаушы», Қ.Шунаев «Үздік шабуылшы» атанды.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521