banner_damu

«Спорт жұлдыздары» үздіктері қатарында жерлестеріміз де бар

Жақында Алматы қаласында Қазақ спорт және туризм академиясы мен республикалық «Спорт жұлдыздары» журналының ұйымдастыруымен спорт саласындағы үздіктерді марапаттау шарасы өтті. Оған еліміздің абыройын әлемдік додаларда асқақтатып, көк туымызды көкке көтеріп жүрген спортшылар мен бапкерлер, федерациялар мен қалалық спорт басқармалары, спорт жанашырлары, спорт мектептерінен үздіктер шақырылды.

Салтанатты шарада аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абзал Бекенов «Үздік аудандық спорт бөлімі – 2019» номинациясына ие болды. Сонымен қатар №4 Жылыой балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Жұмабай Құдайбергенов «Үздік аудандық спорт мектебі - 2019», жерлесіміз, аралас жекпе-жек бойынша әлем чемпионы Талғат Жұмағалиев «Үздік спортшы» номинациясы бойынша марапатталды.

Ұйымдастырушылар атынан үздіктерге арнайы сертификат пен кубок табыс етілді.

Қ.Нұртайұлы

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Сұрақ Жауап

Ауданда covid-19 жұқтырғандардың көбею себебі неде деп ойлайсыз?

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика