Спорт мектебінің жетістіктері

Жуырда 13-17 мамыр аралығында Ресей Федерациясы Башқұрт Республикасы Уфа қаласында 12-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер арасындағы жекпе-жектен Азия чемпионаты өтті.

Осы чемпионатқа облыс құрамасы қатысып, байрақты бәйгеден бақтарын сынап қайтқан болатын. Соның ішінде облыстың жалауын көтеріп барған құраманың сапында №4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жекпе-жек спорт түрінің жаттығушылары қатысып, жүлдегерлер атанғанын мақтанышпен атар едік. Нақтылай айтсақ, Азия чемпионатындағы 12-13 жас аралығындағы балалар жекпе-жегінде 30 кг салмақта Мейрамбек Айғалиев күміс медальді жеңіп алса, 36 кг салмақта Ерген Жолдыбаев қола медальға ие болды. Осындай үлкен спорттық додада, яғни Азия чемпионатында ауданымыздың ғана емес, облыстың абыройын асқақтатуға үлес қосқан споршыларды дайындаған жекпе-жек спорт түрінің жаттықтырушысы Талғат Жұмағалиевтың еңбегі ұшан-теңіз. Осы жерде Талғат Жұмағалиевтың де жетістіктерін айта кетсек. Спортшы халықаралық «Alfa fighting Championship» турнирінде чемпион боп қайтты. Талғат - панкратионнан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ММА-дан, әскери самбодан, джиу-джитсудан, жекпе-жектен ҚР спорт шебері. Сондай-ақ №4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің басшысы Жұмабай Құдайбергеновке айтар алғысымыз зор.

Гүлфара ИСАХАЕВА,

№4 аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің оқу ісі меңгерушісі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521