Спорт бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Әкім

Өткен аптаның сейсенбі күні аудандық әкімдіктің мәжіліс залында кезекті аппарат жиыны болып өтті.

Онда аудан әкімі Халел Жамалұлы жиналғандарға аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің жаңа басшысын таныстырды. Бөлім басшысы болып осы уақытқа дейін Атырау қаласы әкімінің бас инспекторы лауызымын атқарып келген Әлібек Науаров тағайындалды.

Әлібек Науаров 1989 жылы Жылыой ауданында дүниеге келген. Білімі - жоғары, 2011 жылы Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті "Тарих" бакалавры мамандығы бойынша тамамдаған.

⠀ Алғашқы еңбек жолын 2011 жылы Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейінің археология және этнография ғылыми зерттеу бөлімінің аға ғылыми қызметкері болып бастады. 2017-2019 жылдары Жылыой ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыру бақылау бөлімінің бас маманы, 2019-2020 жылдары Атырау қаласы әкімінің бас инспекторы, баспасөз хатшысы лауазымын атқарды.

Е.Бисекенұлы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521