Ауданда 5 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі қызмет көрсетеді.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Жем ауылдық округінде тағы бір спорт мектебі пайдалануға берілді. Қазіргі кезде ауданға қарасты барлық ауылдық округтер спорт мектебі ғимаратымен және спорттық инфрақұрылымдармен қамтамасыз етілген. Бұл орайда қала мен ауылдағы жастар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік мол. Спорт мектептерінде спорттың бірнеше түрінен спорт секциялары (волейбол, дзюдо, футбол, баскетбол, бокс, самбо еркін күрес, таэквандо, тоғызқұмалақ, қазақ күресі, жекпе жек, үстел теннисі) жұмыс жасайды. Онда 2155 жасөспірімдер дене шынықтырумен шұғылданады.
Ауданда дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметкерлер саны 182. Оның ішінде 83-і жалпы білім беру ұйымдарының мұғалімдері, 60-ы жаттықтырушылар, 17 спорт нұсқаушы, 2 спорт әдіскері, 26 спорттық клубтар немесе дене шынықтыру ұжымдарынан, 2 аудандық бөлімінен және де 13 басқа дене шынықтыру және спорт қызметкерлері. Аудандағы спорт мектептердің жаттықтырушылары мен жаттығушыларының ішінде бір Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1 КСРО спорт шебері, 9 Қазақстан спорт шебері, 40 спорт шеберлігіне кандидат, 1 ұлттық санаттағы төреші бар.
Жыл басынан бері аудан спортшылары аудандық іріктеуден өтіп, облыстық және ел чемпионаттарында өңір намысын қорғап 25 ірі спорттық жарысқа қатысып аудан қоржынын 170 - ке жуық медальмен толықтырды. Сонымен қатар мүмкіндігі шектеулі жандар арасында да спортпен шұғылданушылар саны жыл сайын артып келеді. Атырау облысы мүгедектер қоғамы қоғамдық бірлестігінің Жылыой аудандық филиалының төрағасы Амангелді Мыңжасаровтың жетекшілігімен 30 ерекше жан спортпен айналысады. Мүгедектер арасында тоғызқұмалақ, үстел теннисі, шахмат және дойбы ойындары жақсы дамып келеді. Биылдың өзінде олар Қазақстан чемпионатында 2 қола, 5 күміс медаль олжалап қайтты.
Жастар арасындағы кеңінен танымал ММА, грэпплинг спорт түрлерінен де ел чемпионатында жеңіске жетіп, жекпе жектен төрт дүркін, грэпплингтен екі дүркін Қазақстан чемпионы болған Мейрамбек, Айғалиев, абсолют салмақта осы спорт түрінен Алтынбек Мұратұлы алтын жүлдеге қол жеткізсе, ММА-дан аса ауыр салмақта Ерлан Шакишев күміс жүлде иеленді Кейін халықаралық «NFC 35» турнирінде қарсыласын нокаутпен жеңіп, ел мерейін үстем етті. Шет елде қазақ елінің намысын қорғаған Мейрамбек Айғалиев Ресей Федерациясында өткен грепплингтен өткен әлем чемпионатында екінші орынға ие болды. Мейрамбектың жаттықтырушысы халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы Талғат Жұмағалиев.
Ауылдық өңірлерге жас мамандарды тарту мақсатында биылғы жылы мемлекеттің «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы бойынша спорт мектептері 2 жас маманмен толықты. Жыл ішінде 2000-ға жуық адамды қамтитын әртүрлі деңгейдегі спорттық іс-шаралар ұйымдастырылды. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай 2005-2006, 2007-2008, 2009-2010 жылғы жасөспірімдер арасында (ұлдар, қыздар) тоғызқұмалақтан аудандық онлайн турнирі, Ұлттық спорт түрлері асық ату, қол күресі, арқан тартыс, гір тасын көтеру, ләңгі тебу жарысы, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» Х Республикалық турнирінің аудандық іріктеуі, Тұңғыш Президент күніне орай баскетболдан және еркін күрестен аудандық біріншілік, Тұңғыш Президенті күніне орай "Жаппай жүгіру" спорттық шарасы
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында және «Медицина қызметкерлері күніне» орай аудандық медицина қызметкерлері арасында волейбол, дойбы және шахматтан аудандық турнирі, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына аясында және 23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай аудандық мемлекеттік қызметкерлер арасында волейбол, футболдан аудандық турнирі және басқа да спорттық шаралар.
Жыл қортындысымен «Спорт үздіктері-2021» номинациясының салтанатты марапаттау кеші өткізіліп, жылдың үздік спорт саласының ардагерлері, спорт саңлақтары марапатталды. Ауданның спорт саласы бойынша мемлекеттік қызмет көрсету қызметі жұмыс жасайды. Аталған қызметті алуға жыл бойына 4 спортшы құжат тапсырып, арнайы бұйрық бойынша тиесілі санаттар мен разрядтар берілді. Сонымен қатар бөлім тарапынан спорт мектерінің жаттықтырушыларына спорт саласындағы мемлекеттік қызмет көрсету стандарты бойынша тоқсанына 2 рет түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жанар ҚАЗИЕВА,
аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы