Спорт ардагерін еске алды

Жақында белді спортшы, Жылыой ауданының баскетбол құрама командасының ойыншысы, бас бапкері болған спорт ардагері Мұрат Шунаевты еске алуға арналған облыстық ашық турнир өтті. Оған Атырау  облысының аудандары мен Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданынан барлығы 8 команда қатысты.

Турнирдің ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағынов, аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы С.Баймұратов, ардагер спортшының жанұясы және үзеңгілес достары қатысты. Турнирге қатысушы командалар таныстырылып, алаң ортасына шақырылды. Қазақстан Республикасының гимні шырқалып, аудан әкімінің орынбасары Қ.Бағынов қатысушыларға сәттілік тіледі. Үш күнге созылған тартысты ойында үздіктер анықталып, жартылай ақтық сайысқа жолдама алды. Жылыой және Мақат ауданының "Доссор" командасы кездесіп, жеңіс Жылыой командасына тиді. ІІІ орын үшін бәсекеде жеңіс Мақат ауданының "Доссор" командасына тиді.    Құрманғазы мен Жылыой ауданы командалары арасында өткен сайыста жеңіс  Құрманғазы командасының еншісіне тиіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Жабылу салтанатында  жеңімпаз және жүлдегер командалар аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің тағайындаған жүлделері және  спортшының туыстары тағайындаған бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Өз тілшіміз.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521