Шахмат логикалық ойлау қабілетті дамытады

№7 мектепте «Ардагерлер одағы (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» республикалық қоғамдық бірлестігінің Құлсары қаласы бойынша филиалы және "Отан" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен шахматтан аудандық турнир өтті.

№7 мектепте «Ардагерлер одағы (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» республикалық қоғамдық бірлестігінің Құлсары қаласы бойынша филиалы және "Отан" республикалық қоғамдық бірлестігінің облыстық филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен шахматтан аудандық турнир өтті. Оған ауданымыздағы 20 мектептің оқушылары қатысып, бақтарын сынады.

- 1993 жылдың 15 сәуірінде ҚР Жоғарғы кеңесінің «Тәжік-Ауған учаскесіндегі ТМД-ның сыртқы шекарасын күшейту туралы» қаулысымен саны 500 адамға жететін жеке құрама атқыштар батальоны құрылды. Батальон құрамына десантшылар, шекарашылар мен ішкі әскер бөлімшелері кірді. Биыл бітімгершілік мақсатта құрылған жеке құрама атқыштар батальонының құрылғанына 25 жыл толып отыр. Осы орайда, республика көлемінде біздің бірлестіктің 30-дан астам филиалы әскери-патриоттық және спорттық шаралар өткізуде, - дейді «Ардагерлер одағы (Тәжік-Ауған шекарасында жауынгерлік қимылдарына және әскери қақтығыстарына қатысушылардың)» республикалық қоғамдық бірлестігі Құлсары қаласы бойынша филиалы төрағасы Нұрберді Төлеуғожин.

Аудандық білім бөлімінің қолдауымен өткен турнирде Беркін Өтебаев, Сапи Шонаев, Раушан Ибраевтар төрелік етті. Жарыс нәтижесінде Шоқпартоғай ауылындағы №3 мектептің оқушысы Нұрбек Әбдрахман 1-орынды жеңіп алды. 2-орынды №19 мектептің оқушысы Атабек Амангелдиев иеленсе, №15 мектептің оқушысы Мақсат Қонысбаев 3-орынды еншіледі. Сонымен қатар Рауан Дүйсенбай «Үздік ойыншы» атанды. Турнирдің бастауыш сыныпта оқитын ең кенже қатысушысы Қоғаш Жаймұхан арнайы алғыс хат иеленді. Жеңімпаздарды «Отан» республикалық қоғамдық бірлестігінің Атырау облыстық филиалының төрағасы Қолқанат Шалқаров пен Нұрберді Төлеуғожиндер арнайы кубок, диплом және қаржылай сыйлықтармен марапаттады.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521