«Сүлеймен» – меценаттың жылыойлықтарға тартуы

«Сүлеймен» заманауи үлгідегі спорт кешенінің лентасын Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов және «НСС» мекемесінің құрылтайшысы И.Акдрашев қиды.

«Ұлтымыздың ұлы ұстанымы – қастерлі Тәуелсіздігіміз барша жұртымыздың партиоттық рухымен асқақтай берсін» - Қазастан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақсан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында және 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жылыой ауданы, Құлсары қаласында «Сүлеймен» заманауи үлгідегі спорт кешені ашылды.

«Сүлеймен» спорт кешеніңнің салтанатты ашылу рәсіміне Атырау облысы әкімінің орынбасары Бекенов Қайрат Әскербекұлы, Жылыой ауданының әкімі Жамалов Халел Жамалұлы, жергілікті кәсіпкер, меценат, «НСС» мекемесінің құрылтайшысы Ақдрашев Ибрагим Шияпұлы қатысты.

Осы орайда Құлсары қаласында «Туған елге тағзым» жобасы, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында жергілікті кәсіпкер, меценат, «НСС» мекемесінің құрылтайшысы Ақдрашев Ибрагим Шияпұлының қолдауымен «Сүлеймен» заманауи үлгідегі спорт кешені жылыойлық тұрғындар үшін есігін ашты. «Сүлеймен» заманауи үлгідегі спорт кешені бокс залы, жаңа заманауи жаттығу залы, фитнес, гимнастика спортымен айналысуға арналған зал, қазақша күрес, еркін күрес және дзюдо залдарымен және спорттық құралдармен жабдықталған.

Атырау облысы әкімінің орынбасары Қ.Бекенов Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында заманауи үлгідегі спорт кешеннің ашылуымен облыс әкімі Досмұхамбетов Махамбет Жолдасқалиұлының атынан құттықтауды халыққа жолдады. Сонымен қатар Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов, ардагер С.Идранов жылыойлықтарды құттықтап, соңғы жылдардың өзінде Құлсары қаласы мен ауылдық округтерде спорт мектептері іске беріліп, қазір жастар мен жасөспірімдердің спортпен тұрақты айналысуына мүмкіндік туып отыр. Ауданымыздың салауатты өмір салтын ұстанатын тұрғындарымыздың саны артып, спортшыларымыздың жаңа белестерді бағындыратынына сенім білдірді.

Тәуелсіз Қазақстанның рухы биік, ерік-жігері мықты, дені сау келешегін тәрбиелеуде мұндай спорттық кешеннің ашылуының маңызы зор. Әлемдік аренада облыс спортшыларының еліміздің көк туын желбіреткен салтанатты кездері де - осы сөзіміздің айғағы.

Тәуелсіздік алғаннан бері ел спортын дамыту бағытында Елбасы мен Үкімет тарапынан бірнеше мемлекеттік бағдарламалар қабылданғаны баршаңызға мәлім. Осы бағдарламалар аясында біздің Жылыой ауданында көптеген жұмыстар жүргізілді. «Сүлеймен» заманауи үлгідегі спорт кешенінің лентасын Жылыой ауданының әкімі Х.Жамалов және «НСС» мекемесінің құрылтайшысы И.Акдрашев қиды.

Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаев қуатты ел болу – бәсекеге қабілетті болу деген сөз бар. Жауапты сәтте бірлігімізді сақтап, еліміздің игілігі үшін аянбай тер төгуіміз керек. Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін деген қағиданы ұстанып еңбек етуге тиіспіз. Отанымыз Қазақстанды – елі бақытты, жері гүлденген қасиетті «Мәңгілік ел» ету барша Қазақстандықтардың басты мақсаты» деген болатын.

Сондай-ақ салтанатты шарада халықаралық балаларды қорғау күніне орай 15 балақайға «НСС» мекемесінің атынан велосипед табысталды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521