Республикалық додада еркін күрес палуаны жүлдемен оралды

Ақтау қаласында Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген жаттықтырушысы М.Расуловты еске алуға арналған жасөспірімдер арасында еркін күрестен ашық республикалық турнир өтті.

Оған еліміздің Астана, Алматы қалалары мен Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары мен Дағыстан, Өзбекстан елдерінен барлығы 500-ге жуық жасөспірім палуан қатысты. Аталған республикалық додаға ауданымыздағы балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің еркін күрес бөлімінің спортшылары да қатысып, бақтарын сынап қайтқан болатын. Нәтижесінде 60 кг салмақ дәрежесінде белдескен Қуандық Жолдасов жүлделі 3-орынға ие болды. Спортшыны жарысқа дайындаған еркін күрес бөлімінің жаттықтырушылары - А.Тыныштықов, Р.Самаев, Н.Альжанов, Қ.Жұмановтар.

Қ.Нұртайұлы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521