Оңтүстік Кореядағы оқу-жаттығу

Жылыойлық 7 спортшы Атырау қаласындағы Олимпиадалық резервтегі мамандандырылған мектеп-интернат-колледжге қабылданды. Олар спорттың төрт түрінен, яғни, бокс, дзюдо, еркін күрес, таэквондо бөлімінде тәрбиеленіп жатыр. Аталған мектептің ерекшелігі сол, келешегінен үміт күтерлік еліміздің олимпиада резервтерін дайындайды. Ондағы балғын спортшылар білім стандарттарын да қатар алып жүреді.

Жақында осы мектеп-колледжінің дзюдо бөлімінде тәрбиеленіп жатқан жылыойлық спортшылар Рамазан Жәнібек, Анарбек Серік және Манас Асхатұлы Оңтүстік Корея елінің Чонджу қаласында өткен оқу-жаттығу жиынына қатысып қайтты. Бұл жөнінде аудан әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Колледжден түлеп ұшқан ең алғашқы жаттықтырушылар Жаңылсын Көптілеуова, Жандос Жұмасейтов және Нұртай Әбдіғалиевтер Құлсары қаласындағы және ауылдық округтегі № 1, 2, 3 аудандық Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде бапкер қызметін атқарады.

Е.ҚОШАҚАНОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT