Орталық коммуникациялар қызметінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық туралы баспасөз конференциясы өтті

Бүгін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық туралы баспасөз конференциясы өтті. Іс-шараға 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекция басшысының орынбасары Абылай Қондыбаев және «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК директоры Бақдәулет Сабитов қатысты. Абылай Қондыбаев өз сөзінде іс-шараға дайындықтың соңғы кезеңде екенін атап өтіп, ақпараттық қолдау көрсетіп, маңызды оқиғаны насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне Дирекция атынан алғысын білдірді. «Біз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуын асыға күтудеміз. Осы айтулы оқиға қарсаңында дайындық қызу жүріп жатқанын атап өткім келеді және біз қатысушыларды жоғары деңгейде қарсы алатынымызға сенімдімін», - деді Абылай Қондыбаев. Оның айтуынша, Бүгінде спорттық жарыстарға барлығы 89 елден 2430 қатысушы тіркелді. Мұның ішіне жаттықтырушылар мен спортшылар кіреді. Ойындарда 21 спорт түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Медальдің жалпы саны - 581 дана. 5-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жалпы жүлде қоры – 250 млн тг. Сыйақы ойындардың бас серіктесі Халық банк тарапынан қарастырылған. Ғылыми бағдарламаға 12 елден 75 қатысушы тіркелген. Ал мәдениет бағытында Этноауылда 100-ден астам мәдени іс-шара өтеді және мәдени бағытта барлығы 5600 қатысушы бар. Оның ішінде этникалық мәдени топ өкілдері мен әнші-бишілер, эстрада жұлдыздары кіреді. Этноауыл ресми түрде 7 қыркүйектен жұмысын бастайды. Көрермендер мен қатысушыларға ыңғайлы болу үшін арнайы тасымалдау көліктері ұйымдастырылды: қонақтарды қабылдау үшін 20 астаналық қонақ үй мен 331 көлік құралы жұмылдырылады. Қатысушылар үшін қонақ үйлерден спорттық нысандарға арнайы шатл басстар ұйымдастырылады. 8 қыркүйекте, Ашылу салтанатына көрермендер үшін бірнеше қабылдау пункттері ашылады. «Астана Арена» стадионында өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының Ашылу салтанатына қатысушыларды автобустармен жеткізу ұйымдастырылады. Осы орайда Дирекция өкілі БАҚ өкілдеріне арналған маңызды мәлімдеме жасады. «5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі кезінде 8 қыркүйек күні сағат 16:00-ден бастап «Қазмедиа орталығы» орталық баспасөз орталығы жұмыс істейтін болады. Журналистердің ақпарат таратуына ыңғайлы болуы үшін Ойындардың ашылу салтанаты «Қазмедиа орталығында» ұйымдастырылған баспасөз орталығында тікелей эфирден көрсетіледі. Сонымен қатар, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында «Қазмедиа орталығындағы» баспасөз орталығымен қоса «Қазанат» ипподромында, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында, «Алау» мұз айдынында баспасөз орталықтары жұмыс істейтін болады. Этноауылда арнайы студия ретінде жабдықталған киіз үй жұмыс істейтін болады», - деді өз сөзінде. Оның айтуынша, ойындарға қазақстандық және халықаралық БАҚ қызығушылық танытқан. Баспасөз аккредитациясының жалпы саны 64 елден 1185 өтінімді құрады. Олардың ішінде CNN, BBC, Euronews және т.б. сияқты әлемдік жетекші БАҚ өкілдері бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT