Олжас – парадзюдодан әлем чемпионы

Португалияның Одивелаш қаласында парадзюдодан әлем чемпионаты өтті.

Бұл бәсекеге 42 елден 268 спортшы қатысса, бұл сайысқа еліміз 7 спортшыны үкілеп қосты. 60 кг салмақта Олжас Оразалы 5 кездесу өткізіп, чемпион атанды. Ол Қазақстан тарихында алғаш рет Әлем чемпионатының алтынын жеңіп алды. Ал командалық есепте Қазақстан құрамасы 10-орынға табан тіреді.

Олжас Ұлттық құрамаға 2015 жылы қабылданған. Содан бері үлкен жетістіктерді бағындырып келеді. Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылған Әлем Кубогының қола жүлдегері. Сондай-ақ, әлем чемпионы Олжасты чемпионатқа дайындаған жеке бапкері Руслан Беркінбайдың да еңбегі өлшеусіз екенін айта кеткіміз келеді.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521