МИЛАН.KAZINFORM — Италияның Милан қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының әйелдер арасында мәнерлеп сырғанаудан бәсеке басталды.
Қазақстан намысын қорғап жатқан Софья Самоделкина жарыс жолына 17-ші болып шықты.
Қорытындысында, спортшы маусымдағы ең үздік нәтижесін көрсетіп, қысқа бағдарламада 68.47 ұпай еншіледі.
Осылайша, Софья Самоделкина 19 ақпанда өтетін еркін бағдарламаға тікелей жолдама алды.




