Олимпиада-2026: Михаил Шайдоров гала-концертте өнер көрсетті

МИЛАН. KAZINFORM — Олимпиада ойындарының чемпионы, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Милан және Кортина-д’Ампеццо XXV қысқы Олимпиада ойындарының гала-концертінде өнер көрсетті.

Қазақстандық спортшы мұз айдынына «Кунг фу Панда» стилінде шығып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Бағдарламаның соңында, әлемге танымал киножұлдыз Джеки Чан алаңға арнайы шығып, Михаил Шайдоровпен кездесіп, оған ризашылығын білдіріп, құттықтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT