Орталық стадион автотұрағында қазақша күрес, гір тасын көтеру, арқан тарту, қол күшін сынау секілді ұлттық спорт түрлерінен сайыс өтті. Соңынан жеңімпаз спортшылар марапатталды.
Қазақша күрестен 1 орынға ие болған Манас Қайырбай 100 мың теңге, 2 орынға ие болған Әділет Аманов 70 мың, 3- орындағы Әбіл Мейрам 50 мың теңге жүлдеге ие болды.
Гір тасын көтеруден жеңімпаздар: Есен Артығалиев ( 38 рет), Оғлан Аққуанов ( 37 рет), Ерлан Шакишев ( 36 рет) жүлдегер атанды. Арқан тарту жарысында 1 орынды "Ардагерлер" командасы, 2-орынды " Жастар" командасы, 3-орынды Майкөмген ауылы иемденді. Ал қол күресінен 1 орынға Жүніс Бабек, 2-орынға Қайырбай Манас, 3-орынға Асылбек Тайшиев шықты.