«Нашақорлыққа жол жоқ!»

№19 жалпы орта білім беретін мектепте мұғалімдер мен жоғары сынып оқушылары арасында кіші аяқ доп ойыны ұйымдастырылды. «Нашақорлыққа жол жоқ!» ұранымен өткен сайысты ұйымдастырған директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аққаным Әділханқызы. 

Шараның басты мақсаты - оқушылар мен жастарға нашақорлықтың зияны туралы түсінік беру, олардың санасында салауатты өмір салтының маңыздылығын қалыптастыру. Одан бөлек, денсаулыққа, қоғамға және болашаққа тигізетін кері әсерін түсіндіру және білім ордаларында қолайлы, қауіпсіз, қолдаушы орта қалыптастыру. Сондай-ақ, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған білім беру, спорттық, мәдени іс-шаралар арқылы оқушылардың белсенділігін арттыру.

Ойын жоғары деңгейде өткізіліп, 6 команда да өздерінің шеберліктері мен белсенділіктерін танытты. Командалық бірлік пен спорттық мәдениеттің сақталуы іс-шараның мәнін арттырды. Тартысты ойын мұғалімдер мен оқушылар арасындағы ынтымақтастықты күшейтіп, бір-біріне деген құрметті тереңдетті.

Сайыстың жоғары деңгейде өтуіне ықпал еткен мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдері – А.Байбосынов, Н.Таскарина, С.Нұрманова, И.Сырым және М.Бақтияровтар. Бұл шара арқылы салауатты өмір салтын ұстану, ынтымақ пен бірлік, сыйластық құндылықтары өзара насихатталды. Ойын өз мәресіне жеткен соң командалар дипломдармен марапатталды.

Жәнібек ХАЙРОЛЛАЕВ,

№19 жалпы орта білім беретін мектептің мұғалімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT