Мықты бапкер жеңімпаз баптайды

Спорттың адам өмірінде алатын орны ерекше. Спортпен шұғылданған адамның дені сау, шымыр болумен қатар, көңіл сарайы да таза болады. Міне, осындай салауатты өмір сүруді бұқараға насихаттап жүрген №4 спорт мектебінің жетістіктері жетерлік. Аудандық және ауданнан тыс турнирлерде спортшылар жеңістің туын желбіретіп келіп жүр.

Атап айтар болсақ, футбол бөлімінің жаттықтырушылары қараша айының басында Ақкиізтоғай ауылдық округіндегі №2 балалар және жасөсіпірімдер спорт мектебінде кіші аяқдобынан жасөспірімдер арасында команда жасақтап, жарыс ұйымдастырды. Осы теңбіл доп жарысында жаттықтырушы Арайлым Жұмаеваның командасы жеңімпаз атанды.

Осы қараша айының 18-22-сі аралығында Мақат ауданының 95 жылдығына арналған жасөспірімдер арасындағы облыстық бокс турниріне аталған мектептің жас боксшылары қатысып, жалпы командалық жарыстан 1-орынды иеленді. Жандос Дүйсенғалиев, Рауан Мейрамбаев, Жанарыс Орынбасар, Рауан Нұрландар жүлделі 1-орынды иеленсе, Нұрасыл Сергей, Жалғас Жәнібек, Айберген Мақсотұлы , Мұхаммед Мағауия, Қуаныш Изжандар 2-орынды иеленді. Ал Ерасыл Медеу, Аллаберген Наурызбайлар 3-орынға ие болды. Оларды жарысқа баптаған жаттықтырушылар - Тоқтар Амандәулетов, Бекболат Сүлейменов, Нұрсұлтан Амангелдиевтер.

Мектеп жаттықтырушысы Талғат Жұмағалиев 18-25 қараша аралығында Сингапур қаласында өткен ММА турнирінде өнер көрсетті. Дүбірлі додада бағын сынаған жерлесіміз, әлемнің түпкір-түкпірінен келген палуандармен сайысқа түсіп, Бас жүлдені қанжығасына іліп, тағы бір мәрте Қазақ елінің көк туын желбіретіп, чемпион атанды. «Ұстазы жақсының – ұстамы жақсы» демекші, бүгінде спорт саңлақтарының қол жеткізген әр жеңісі - ең алдымен, оларды баптаған бапкерлері мен жаттықтырушыларының тынымсыз еңбектерінің арқасы.

С.ӘЛИ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика