"Өмірзақ юнайтед" - чемпион

Құрманғазы атындағы Атырау облыстық мәдениет үйінде Футбол федерациясының ұйымдастыруымен 2017-2018 жылдардағы облыстық ашық чемпионаттардың жабылу салтанаты өтті.

Тартысты өткен жарыстарда ауданымыздың үш командасы өнер көрсеткен болатын. 2017-2018 жылдардағы облыстық ашық чемпионаттың қорытындысына сәйкес І лига ойындарында өнер көрсеткен "Өмірзақ юнайтед" командасы чемпион атанса, ІІ орынды "Медина" командасы иеленіп, 2018-2019 жылдарға арналатын жоғарғы премьер лигасына жолдама алды. Ал жоғарғы премьер лигада өнер көрсеткен "Өмірзақ" командасы жеңімпаз атанған болатын. Айта кетерлігі, 2018-2019 жылдарға арналған жоғарғы премьер лигасында ауданымыздың үш бірдей командасы өнер көрсететін болады. Аталған жарыстарда "Өмірзақ юнайтед" және "Өмірзақ" командаларының қатысуына, қаржылық жағынан көмектескен - "Өмірзақ Сервис" ЖШС.

Қ.НҰРТАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521