Махамбет ауданында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында облыстық турнир өтті

Турнирге 4 түрлі спорттан  80-ге жуық параспортшы қатысты, - деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Көру қабілеті бұзылған жандар дойбы, тоғызқұмалақ, шахматтан сынға түссе, тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшылар үстел теннисінде бақ сынады. 

Облыстық турнир аудан әкімдігі мен облыстық мүгедектер спорт клубының қолдауымен және  «Ер жүректілер» спорт клубының ұйымдастыруымен өтті. 

Айта кетейік, бүгінде аудандағы  спорт клубта 50-ден аса мүмкіндігі шектеулі жан жаттығады. Оның 10-ға жуығы спорт шебері атанған.

- Параспортшылар оң нәтиже көрсетіп келеді. Мәселен,  Аружан Ғиниятова – үстел теннисінен,  Әсемгүл Габдуллина - шахматтан спорт шебері. Ал тоғызқұмалақтан Мырзабек Наурызбекұлы күні кеше Қарағанды облысында өткен жарыстан І орын алып, спорт шебері атанды. Сонымен қатар тоғызқұмалақтан Айна Жайсанбаева республикалық жарыстан 3-орынды қанжығалап,  қазңр спорт шеберіне үміткер, - деді  спорт клубтың координаторы Гүлден Өтебалиева. 

Жарыс қорытындысында жүлделі орынға ие болған қатысушыларға бағалы сыйлықтар табысталды. Енді  жеңімпаздар республикалық додада Атыраудың намысын қорғайды.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT