Мақсат - "Суперкубокті" жеңіп алу

28 қыркүйек пен 6 қазан аралығында Нұр-Сұлтан қаласында волейболдан ерлер арасындағы ҚР 27-ші Кубогы өтті, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

"Атырау" клубы тартысты ойында екінші орын иеленді. Волейболшыларымыз жарыстың ширек финалында петропавлдық "Есіл СК" командасын 3:0 көрсеткішімен жеңіп, жартылай финалда дәл сол есеппен "Ұшқын-Көкшетау" командасын тізе бүктірді. Финалдық матчта атыраулықтар Алматы қаласының «Буревестник» командасынан 3:0 есебімен ұтылды.

volleybol2

Ал Маңғыстау облысының "Маңғыстау" командасы үздік үштікті қорытындылады.

- Қазіргі таңда біздің команда алда өтетін "Суперкубок" ойынына қызу дайындалуда. Осы ойында ҚР кубогында көрсеткен нәтижеден асып түсуге ниеттіміз, - дейді "Атырау волейбол клубының" директоры Амандық Ғарифолла.

volleybol1

Айта кетейік, 17-21 қазан аралығында Талдықорған қаласында "Суперкубок" ойыны өтеді. Ойында Қазақстан кубогында үздік төрттік қатарынан көрінген "Буревестник", "Атырау", "Маңғыстау", "Ұшқын-Көкшетау" командалары өзара бәсекеге түсетін болады.

"Суперкубок" иеленген команда 2020 жылдың сәуір айында өтетін волейболдан клубтық Азия чемпионатында Қазақстанның намысын қорғайтын болады.

Өңірлік коммуникациялар қызметі

Сурет: ӨКҚ

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика