"Мұнайшы" мен "Ривера" күрделі жөндеуді қажет етеді

Бүгінде 540 бала "Атырау" су спорты түрлері бойынша клубында" жаттығады.

Бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеуіміз үшін халықты бұқаралық спортқа тартуымыз ләзім. Бұл жағдайда бар мәселе спорт кешендерінің қолжетімділігі және материалдық-техникалық базасының талапқа сәйкестігіне келіп тірелері белгілі. Осы мәселе бойынша, облыста әлі де болса атқарар шаруа шаш-етектен.

Осыған орай, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова облыстағы спорт нысандарының жұмысымен танысты. Облыста жөндеуді қажет ететін проблемалық нысандар жетерлік. Соның бірі сенімгерлікпен басқаруға берілген "Мұнайшы" және "Ривера" бассейндері. Бүгінде 540 бала "Атырау" су спорты түрлері бойынша клубында" жаттығады. Дегенмен қос нысан да күрделі жөндеуді талап етеді.

Болашағынан үміт күттірер, жетістіктерге қол жеткізген 185 спортшы Олимпиадалық резерв даярлау орталығына қарасты "Нұрсая" спорт кешенінде жаттығады. Бұл спорт кешенінде жаңа спорт мектебін ашу қажеттілігі туындауда. Себебі халық көп шоғарланған Тұлпар, Самал, Модерн Сити, Болашақ ықшам аудандарында спорт мектебі бой көтерсе балалар мен жасөспірімдердің көптеп қамтылуына мүмкіндік берері сөзсіз.

Облыс әкімінің орынбасары аталған мәселелер бойынша талдау жұмысы жүргізіліп, шешу жолдары қарастырылатынын атап өтті. Жалпы өткен жылмен салыстырғанда спорттық ғимараттардың саны 31 бірлікке өсіп, бүгінгі таңда 1102 нысан қолданыста жұмыстарын атқаруда.

"Атырау спорт"

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521