Мүмкіндігіміз мол

Өңірге басшы болып Азамат Бекет келгелі ауданда түрлі спорттық шаралар қатары көбейе түсті. Соның бірі - жақында Құлсары қаласында өткен марафон.

Бұл жарыстан «Құлсары қаласы мүгедектері» қоғамдық бірлестігі де тыс қалған жоқ. Қоғам атынан Тұрлан Мырзабаев, Медет Әбен, Нұрболат Асқаров, Хамит Достанов, Әсет Олжабаев, Батырбек Наурызов, сондай-ақ 10 жасар қызымыз Арай Айнабекқызы да жүгіріп, белсенділік танытты. Марафонды Паразиада ойындарының жүзу спортынан екі дүркін чемпионы, Әлем кубогының иегері Ержан Сәлімгереевтің өзі тамашалап, желаяқ жастарға дем берді. Әрине, бұл жерде бірлестік мүшелері мен қоғамдық ұйымымыз атынан шыққан әуесқой спортшылар жүлде мен атақ үшін жүгірген жоқ.

Мүмкіндігі шектеулі болса да мүгедек жандар мүмкіндікті құр жібермейтін, спортта да өзін көрсететін өмірге құштар адамдар екенін көрсетті. Айтпақшы, біздің ұйым атынан топ жарған желаяқ қызымыз Арай тек спортты ғана жанына серік етіп жүрген жоқ. Ол – талантты өнерпаз. «Бақытты елдің ұрпағы» қорының ұйымдастыруымен балалар мен жасөспірімдер арасында өткен «Біз - бақытты баламыз» атты Халықаралық байқаудан жүлделі оралды.

Маңызды марафонда белсенділік танытқан қоғамның спортшыларына алға қарай да жеңісті жетістіктер тілейміз. Ал аудан жастарына салауатты өмір салтын насихаттап, осындай игі шараларды көптеп қолға алып жатқан Азамат Бауыржанұлына алға қарай да еңбекте жеміс, толағай табыс тілейміз.

Қайрат Еңсепов, «Құлсары қаласы мүгедектер» қоғам бірлестігінің төрағасы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521