Ашық турнирге Атырау және Маңғыстау облыстарынан келген командалардан барлығы 80- ге жуық балғын спортшы қатысты.
«Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» демекші, оқ бойы алға озып шыққан командалар шын ептілік пен топтық бірліктің үлгісін танытты. Тартысты бәсекеде жеңімпаздар оңайлықпен анықталған жоқ.
2005- 2006 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы ойын нәтижесі бойынша III[1]орынды Бейнеу ауданы командасы иеленді. II-орынды Құлсары қаласындағы №8 мектеп командасы еншіледі. Құлсары қаласындағы №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасы барлық бәсекелестерінен басым түсіп I-орынды жеңіп алды.
2007-2009 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасындағы ойын нәтижесі бойынша III-орынды Құлсары қаласындағы № 8 мектеп командасы, II - орынды Махамбет ауданынан келген команда, I-орынды Құлсары қаласындағы №2 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі командасы жеңіп алды.
Турнир соңында Жылыой аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ә.Науаров жеңімпаздарды диплом және медальдармен марапаттады.
А.МОЛДАШЕВ