Құлсарыда ересектер арасында үстел теннисінен жарыс өтті

Қазақстан Республикасының Конституция күні мерекесіне орай, Құлсары қаласында үстел теннисінен ересектер арасында  жекелей аудандық турнир ұйымдастырылды.

Жарыс әр жастағы ерлер мен әйелдер арасында өтті. Спорттың ең бекзат түрлерінің бірі боп табылатын үстел теннисінен өткен турнирге 36 әуесқой теннисші қатысты.

Осы додада ауданымызда шебер теннисшілер көп екенін байқадық.

sport-2

Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталды.

Олар: (ерлер арасында) Досбек Қызылқұлов, Бауыржан Жолжанов, Тамерлан Жарылқасынов, ал әйелдер арасында Ақторғын Алмапыш, Райхан Қаухақызы, Раушан Ибраевалар.

sport-1

Турнирді ұйымдастырған аудандық мәдениет және спорт бөлімі барша қатысушыларға алғыс білдіре отырып, жеңімпаздарды құттықтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521