Құлсары Футбол Федерациясына – 2 жыл

Өткен аптада «Кең Жылыой» мәдениет үйінде Құлсары Футбол Федерациясының құрылғанына 2 жыл толуына орай және 2018 жыл маусымының аяқталуына орай салтанатты кеш өтті.

Мерекелік шарада алғашқы құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев:

«Салтанатты кешке қош келдіңіздер! Спорт – мемлекеттің әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Елбасымыз да халыққа Жолдауында салауатты өмір салтын сақтауды атап өткен болатын. Спорт - жас ұрпақ саулығын нығайтуға әсер етеді», - деді.

 Сондай-ақ, ол спорттағы іс-шараларға үлес қосқан Ж.Қалаулиевті, К.Құлғазиевты, Э.Хисметуллин мен М.Ізбасовты аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Құлсары Футбол Федерациясының тете президенті Талғат Агисов жыл қорытындысын баяндап, футболдағы ерекше жетістіктерді атап өтті. Жанкүйер М.Дәулетовты, балалар бапкері Қ.Мұсағалиевты, бапкер Қ.Уалитхановты, төреші А.Байбосыновты, сайт меңгерушісі Ф.Ағылмановтарды, «Өмірзақ» кубогінің жеңімпазы «АйнұрБек» командасын, Құлсары қала кубогі үшін өткен турнирдің жеңімпазы «Қамыскөл» құрама командасын алғыс хатпен марапаттады.

Сонымен қатар, «Ембі» құрама командасының құрылтайшысы, ардагер Амангелді Рахымұлын еске алу ашық турнирін қолдаушы Меңдібике Ищанова, «Геолог» командасының бапкері Қ.Іздібаев, «Медина», «Өркен» командаларының жанашыры М.Өскінбаев және футбол жанашыры Қ.Құлтекеновтер марапатқа ие болды. Сондай-ақ, «Үздік шабуылшы», «Үздік қақпашы», «Үздік сұр мерген», «Үздік ойыншылар» да алғыс хатпен және кубоктардың арнайы сыйлықтардың иегері атанды.

Кеш соңы аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасымен аяқталды.

Ж.Шаңқанова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521