Әлемді жеңісімен жалт қаратты

Жеңімпаз спортшыны аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев құттықтады.

Дүниежүзіндегі 47 елдің балуандары қатысқан дүбірлі додадан жерлесіміз Талғат Жұмағалиев жеңіспен оралды. Ол аралас жекпе-жек түрінен Малайзия, Ресей, Қытай елдерінің спортшыларымен шайқасқа түсті. Шешуші сайыста боз кілемде Канада елінің спортшысымен күш сынасып, I орынға ие болды. Әлем чемпионы Талғатты жерлестері зор қуанышпен қарсы алды. Құлсары қаласына кіреберістегі қала символы – ақ ұсынған ана ескерткіші қасынан күтіп алып,  шашу шашып, жүлдегерге ерекше қошемет көрсетті.

Жеңімпаз спортшыны аудан әкімінің орынбасары Жантөре Рашев және аудандық спорт бөлімі басшысының міндетін атқарушы Абзал Бекенов құттықтап, сөз сөйледі.

Талғат бұдан бұрында талай спорттық жарыстарға қатысып, жеңімпаз атанып жүрді. Ол 2014 жылы панкратионнан Әлем чемпионы атанса, 2016 жылы Қазақстанда өткен дәл осы спорт түрінен 2-орын алған болатын. Сингапурда өткен сайысқа елімізден барлығы 9 спортшы аттанып, оның 3-еуі жүлделі орындарға ие болды.

Ш.Хамитова

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AqPrint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521