ЛИВИНЬО. KAZINFORM — 17 ақпан күні Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында XXV қысқы Олимпиада ойындарының оныншы жарыс күні басталды.
Бүгін 10 қазақстандық спортшы бес спорт түрінен жарыс жолына шығады.
Қазақстан құрамасының жарыс кестесі:
14:00 — шаңғы қоссайысы, биік тұғыр
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров
14:45 — фристайл-акробатика, іріктеу (әйелдер)
Қатысушы: Аяна Жолдас
17:30 — фристайл-акробатика, іріктеу (ерлер)
Қатысушылар: Асан Асылхан, Шерзод Хаширбаев, Дінмұхаммед Райымқұлов, Роман Иванов
17:45 — шаңғы қоссайысы, шаңғы жарысы
Қатысушы: Шыңғыс Рақпаров
18:52 — конькимен жүгіру, командалық із кесу (әйелдер, жартылай финалдар, финал)
Қатысушы: Қазақстан құрамасы
22:45 — мәнерлеп сырғанау, қысқа бағдарлама (әйелдер)
Қатысушы: Софья Самоделкина
Осыған дейін хабарлағанымыздай, Абзал Әжіғалиев және Денис Никиша шорт-тректен ерлер арасында 500 метрге жүгіруден ширек финалға жолдама алды.




