Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі садақ ату спорты әсіресе, жастар арасында қарыштап дамып келеді. Сайын даланы мекендеген ата-бабаларымыздан мирас болып келе жатқан бұл спортты дамытып, өркендету үшін жаңаша бағытта жұмыстар атқарылуда.
Осыған орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мен «JYLYOI SADAQ ATU» клубының бірлесе ұйымдастыруымен дәстүрлі садақ атудан аудандық турнир өтті. Турнирге қатысуға 30-дан астам адам алдын ала өтініш білдірген. Жалпы сайыс «Фита», «Қалқан», «Жамбы» нысандары бойынша өтті. Сайыс нәтижесінде «Қалқан» нысанасы бойынша жүлделі 3 орынды Аңсар Құлметенов пен Нұрлыбек Мақсотов иеленсе, екінші орынды Саламат Ертүгел жеңіп алды. Ал бірінші орынды Орынбасар Жалғасбаев қанжығасына байлады. «Жамбы нысанасы» бойынша Арман Құралов пен Баймырза Көшен 3 орынды, Эдгар Джамеков 2 орынды иеленді. Ал мергендігімен оза шапқан Ахсан Ахмад жүлделі 1 орынды жеңіп алды.
П.ТӘЖІ