АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Италиядағы XXV қысқы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден ең қысқа 500 метрде жеңімпаздар анықталды.
Әлемдегі ең ТОП-3 жылдам спортшының қатарына кіретін Евгений Кошкин қашықтықты 34.56 секундта жүгіріп өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
1.Джордан Штольц (АҚШ) - 33.77 секунд (Олимпиада рекордын жаңартты)
2.Еннинг Де Бо (Нидерланд) - 33.88 секунд
3. Лоран Дюбрёй (Канада) - 34.26 секунд
9-орын. Евгений Кошкин - 34.56 секунд
Евгений Кошкин 2025 жылы Солт-Лейк-Ситиде (АҚШ) өткен әлем Кубогының бірінші кезеңінде 500 метрді 33.67 секундта (тарихтағы үшінші көрсеткіш) бағындырып, тікелей Милан Олимпиадасына жолдама алған.



