KMG Burgylau ұжымы Азия чемпионы Сабырғали Аманатпен кездеседі

Шарада мекеме қызметкерлері спортшымен сұхбат құрып, өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын алмақ. Кездесу аясында мекеме атынан спортшыға біржолғы қаржылай демеушілік көрсету көзделіп отыр.

12-17 қараша күндері Моңғолия астанасы Ұлан-Батыр қаласында бокстан жастар арасында Азия чемпионаты өтті. Ұлттық құрама сапында ауыр салмақ дәрежесінде атыраулық Сабырғали Аманат (2002 ж.т.) сынға түсіп, құрлық додасының жеңімпазы атанды. Аманат іріктеу кезеңдерінде Ирак және Үндістан мемлекеттерінің боксшыларын тізе бүктірген. Ал ақтық сында Оңтүстік Кореялық қарсыласынан басым түсті.

Аманат Сабырғали – кіші жасөспірімдер, жаасөспірімдер және жастар арасында Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Жастар арасында Азия чемпионы. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы.

Жаттықтырушысы: Сахипов Ерлан, екінші жаттықтырушысы Торғаев Сәрсенбай.

Өтетін жері: Атырау қаласы, Махамбет Өтемісов көшесі, 116е, 4-қабат, конференц-зал.

Өтетін уақыты: 21 қараша, 2019 жыл, 15:00.

podpiska_kaz

COVID 19

covid

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

logo1

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлiгiнде 2018 жылы 16 мамыр күні тiркеліп, тіркеу туралы №17099-Г куәлiгi берiлген

Редакция мекенжайы: Құлсары қаласы, Исатай Тайманов көшесі, 4 үй.

Тел: 5-16-83, 5-07-66, 30-51-06, 30-51-05.

 

Яндекс.Метрика